Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Канададан 3:11 есебімен ұтылды. Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер Чехияны бір рет жеңіп (4:3 ОТ) және 2 ұпай жинап, «В» тобында соңғы орынға тұрақтады.
Ал «А» тобында Латвияға қарсы ойында (5:3) жеңіске жетіп, 3 ұпай жинаған Норвегия кестеде соңғы орында. Енді бұл командалар топтан шығу матчында кездеседі. Жеңген команда элиталық дивизиондағы ойынын жалғастырады, ал жеңілген команда бірінші дивизионның «А» тобына түседі.
Айта кетейік, турнирдің барлық ширек финалдық жұптары белгілі болды:
АҚШ – Швейцария;
Финляндия — Швеция;
Канада — Латвия;
Чехия – Словакия.
Матчтар 2 мамыр күні өтеді.