Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Дархан Қойбағар өзі қатысқан алғашқы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қойбағар 73 келі салмақта белдесіп, қола медальға қол жеткізді. Ол кіші финалда моңғолиялық Эрденбаяр Бацаядан қосымша уақытта басым түсті.
Сондай-ақ, турнир барысында ол Өзбекстан, Оңтүстік Корея мен Моңғолия балуандарын ұтып, жартылай финалда жарыстың болашақ жеңімпазы, швейцариялық Нильс Стампқа жол берген.
Айта кетелік, Дархан Қойбаған мұндай ірі жарысқа алғаш рет қатысып, алғаш рет жүлде алып отыр.