Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирді Олимпиадаға баратын тағы екі балуанымыз сәтсіз аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Ким Дахуннан ұтылды.
Ал 130 келідегі Әлімхан Сыздықов бірінші кезеңде тунистік спортшыға есе жіберді.
Кешегі жарыс күнінде еркін күрестен 86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков қола медаль үшін күресте жеңілген болатын.