Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайтын Елдос Сметов Алматыда өткен спаррингтік турнирді қорытындылады, деп жазады Sportbugin.kz.
«Белдесулер өте тартысты өтті. Мұның жауапкершілігі өте жоғары. Бір-бірімізді 100 пайызға білеміз. Сондықтан, кездесулер ұзаққа созылды. Қателік іздеп, жүріп қалдық.
Күнделікті спарринг жасап, белдесіп жүрген адаммен күресу оңайға соқпайды. Бір бас жоғары болып, айқын басымдықпен жеңу мүмкін емес. Біздің салмақта дау-дамай қатты көтеріліп кетті. Енді бәрі тікелей эфирде, ашық түрде өтті.
Қазақстанда дзюдодан үш Олимпиадада медаль алған спортшы жоқ. Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері бар. Ендігі мақсат – Қазақстанның тарихын тағы да жаңартып, Париж ойындарында жеңіске жету. Тек қана Олимпиада алтыны үшін дайындаламыз», — деді белдесуден соң Сметов.