Кувейтте өтіп жатқан семсерлесуден Азия біріншілігінде Қазақстан ерлер құрамасы саблядан қола жүлдегер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандықтар командалық сында үздік үштікке енді. Турнирдің негізгі айналымында біздің команда Өзбекстан мен Жапонияны жеңіп, жартылай финалда Иранға жол берді.
Осылайша, Бақдәулет Құралбекұлы, Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев төрттігі құрлық додасының қола жүлдесін иеленді.
Бұған дейін Ерлік Сертай ерлер шпагасынан қола медаль жеңіп алған болатын.