Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандық спортшылар финалда Олимпиада чемпионы саналатын Жапония құрамасын жеңді. Одан бөлек, Катар, Қырғызстан, Гонконг командаларынан басым түсті.
Шпагадан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Аталған төрттік Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.
Азия чемпионатындағы жекелей сында Ерлік Сертай қола медаль иеленген болатын.
Айта кетелік, қазақстандық шпагашылар Азия чемпионы атағын арада 9 жыл өткенде қорғап отыр. Соңғы рет біздің команда 2015 жылғы құрлық додасында чемпион атанған.