Бүгін тағы бір отандық спортшының допинг қолданып, үлкен спорттан шеттетілгені белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Дзюдошы Айболат Ыстыбай үш жылға спорттан алшақтады. Оның сынамасынан анаболикалық стериод — дростанолон табылған.
Спортшы 2023 жылдың 5 қыркүйегі мен 2026 жылдың 5 қыркүйегі аралығында бірде бір жарысқа қатыса алмайды.
Айболат Ыстыбай дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионы, Азия кубогінің иегері. Ол 2023 жылғы маусымда Загребте өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанған.
Дзюдошы Атырау облысының намысын қорғайды. Бұған дейін атыраулық Талғат Сырбаздың да дәл осы препаратпен ұсталып, жарыстан шеттетілгенін хабарлаған едік.