Волейболдан Вьетнам әйелдер құрамасының ойыншысы Нгуен Туеннің жынысы қазақстандық федерацияны алаңдатып отыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Жақында волейболдан өткен Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы финалда Вьетнамға есе жіберді. Осы орайда, вьетнамдық үздік ойыншы Нгуеннің іс-қимылы Қазақстан волейбол федерациясының өкілдеріне күмән туғызған. Себебі, Нгуен Туеннің әйелден гөрі, ер адамға көбірек ұқсайды.
«Біз матчты қайта ойнатуды немесе ойын нәтижесін қайта қарауды сұрамаймыз. Турнир кезінде ол өзінің қыз бала екендігін дәлелдейтін анықтама әкелген. Тіпті, оның суретін де менің жекеме жіберді.
Шамасы, оның гармондық жүйесінде үлкен өзгерістер болған сыңайлы. Біз оның ағзасындағы тестостеронды тексеруді талап етіп, әлемдік федерацияға хат жолдаймыз. Біздің бас бапкердің айтуынша, оның соққысы, допты қабылдауы — барлығы ер адамға ұқсайды», — дейді федерация вице-президенті Ермек Сырлыбаев.