Париж Олимпиадасы тосын жаңалықтармен басталуда. Белгісіз біреулер ВМХ-фристайлдан Олимпиада чемпионы, австралиялық Логан Мартинді тонап кетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Спортшының заттарын көліктің терезесін сындыру арқылы ұрлап кеткен. Кейбір заттары жергілікті саябақтан табылды. Ал ұрланған дүниелер арасында Морганның жарысқа қатысатын велосипеді де бар.
Одан бөлек, футболдан Аргентина олимпиадалық құрамасының ойыншысы Тьяго Алмадуды белгісіз адамдар тонап кетті. Бұл туралы команданың бас бапкері Хавьер Маскерано мәлімдеді.
«Мұнда бәрін қатал тексеріп жатыр. Десе де, осындай жағдайлар орын алуда», — дейді ол.