Оңтүстік Кореялық спортшы Си Хен Лим әйелдер арасындағы классикалық садақ атудан тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Бүгін осы дисциплина бойынша жекелей сайыстың іріктеу кезеңі өтті. 21 жастағы Лим 72 атудан кейін 694 ұпаймен бірінші орынға тұрақтады.
Бұған дейінгі әлемдік рекорд (692 ұпай) Оңтүстік Кореяның тағы бір өкілі Кан Че Eнға тиесілі болатын. Бұл жетістік бес жылдан сәл астам уақытсақталып келді.
Әйелдер арасындағы садақ ату сайысына барлығы 64 спортшы қатысты. Олар 1/32 финалдан бастап, плей-офф кезеңінде сайысты жалғастырады. 2024 жылғы Олимпиадада бұл дисциплина бойынша Қазақстан өкілдері жоқ.