Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді.
Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр.
Құттықтаймыз!
Фото: Владислав Семенов