Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық бәсекелер өтуде, деп жазады Sportbugin.kz
60 келідегі Виктория Графеева финалда Қытай спортшысы Гияндж Лимен жолығып, 5:0 есебімен сенімді түрде басым түсті.
Ал 63 келідегі Аида Әбікеева финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, Въетнам өкілі Зи Линх Хамен кездесті. Қарсылас бірінші нөмірде жұдырықтасып, алға ұмтылғанымен, жерлесіміз әр шабуылдан сауатты қорғанып, лайықты жауап қайтара білді.
70 келідегі Наталья Богданова финалда шаршы рингтің қожайыны Бейсон Маниконмен жұдырықтасып, бір бас жоғары екенін дәлелдей білді.