Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов спорт журналисті Ақырыс Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасында берген сұхбатында таэквондода жанашыр ата-ананың көптігін сөз етіп, олардың әрдайым үгіт-насихат жұмысын жүргізуде үлкен үлес қосып жатқанын айтты. Соның ішінде белсенді ата-аналардың басында жүрген Сымбат Әбдірахмановамен арадағы түсінбеушілікті өзгелердің пайдаланғанын сөз етті.
– Сымбат апай екеуміздің арамыздағы нәрсені біреулер пайдаланып отыр. Апайдың өзінен негіз қандай екенін естідік. Сымбат апай бәрін ашық айтып отырғаныңызға рақмет. Бұрынғы ата-аналарға, қазір де жүрген ата-аналарға ешқандай өкпе жоқ. Ешкімді кіналамаймын. Керісінше, балаларына жеңіс, спорттың карьерасына сәттілік тілеймін. Мен жақтан көмек керек болса, кез келген қазақтың баласын көтеруге, үйретуге дайынмын, – деді ол.
Есбол Сұлтанов бес саусақ бірдей емес дейді. Жаттығатын балалардың ата-анасын дұрыс бағыттап, оларды қолдауға немесе іс-шара ұйымдастыруға шақырып отыратын бапкерлердің барын айтты. Соның арасында кейбір бапкерлер өзінің теріс пиғылына пайдаланып, балаларға қиянаты тиіп жатады.
– Кейбір бапкерлер конкуреттерінің мақсатында пайлаланады. Балаларыңызға қиянат істеді деп дезинформация береді. Ата-ана баласы үшін сеніп қалады. Біз де ата-анамыз бала үшін бәріне дайынбыз. Сондай бір қозғалыс болып кетті. Ата-аналар іштегі нәрсені біле бермейді, өз бапкеріне сенгендіктен арандатушылыққа түсіп қалып жатады. Көп ата-ана басында бапкерінің айтқанын істейді, кейінен оның негізгі ақпараты дұрыс еместігін сезіп, басқа клубқа, басқа тренерге ауысып жатады. Ең өкініштісі спорттан көңілі қалып, баланы алып кетеді, – деген өкінішін Есбол Сұлтанов білдірді.