Еркін және әйелдер күресінен Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан Иван Ярыгин турнирінде екі қазақстандық балуан финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының мүшелері Эльмира Сыздықова мен Виктория Хусаинов турнирдің алтын медаліне таласады.
76 келіде сынға түсіп жатқан Сыздықова жарыс барысында үш ресейлік спортшыдан басым түсті. Финалда ол моңғолиялық балуанмен белдеседі.
Ал 62 келідегі Виктория Хусаинова екі ресейліктен басым түсті. Финалда Беларусь балуанымен бас жүлдеге таласады. Сондай-ақ, бұл салмақта Шәмшиябану Тастанбек қола жүлде үшін күреседі.
Ерлер арасында 74 келідегі Мұрат Жақыпов жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.