Астанада жеңіл атлетикадан World Athletic Indoor Meet турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әлемдік жарыс даңқты қазақ желаяғы Әмин Тұяқовтың жүлдесі үшін өткізіледі.
Бұл бәсекеде Қазақстан қоржынына екі медаль түсті. Екі жүлдені де биіктікке секіру спортының өкілдері жеңіп алды. Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Айта кетелік, турнирге 40 мемлекеттен жалпы есебі 110 спортшы қатысты.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК