Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының топтық кезеңінде соңғы кездесуін өткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
С тобындағы үшінші турда ұлттық құрама Бахрейнмен кездесіп, 78:101 есебімен жеңіліп қалды.
Осы нәтижеден кейін қазақстандық баскетболшылар топтағы үш ойында да жеңіліс тапты. Қазақстан құрамасы С тобында төртінші орын алып, Азия ойындарын аяқтады.
Бұған дейін отандастарымыз Қытайдан 61:99, Филиппиннен 78:109 есебімен ұтылған еді.
Айта кетейік, жарыс регламентіне сәйкес, ширек финалға үш топтың үздік екі командасы және үшінші орын алған құрамалар арасынан нәтижесі жоғары екі команда жолдама алады. Қазақстан С тобында төртінші орын алғандықтан, келесі кезеңге өте алмады.
