Астана алдағы жылыту маусымына жылу қуатының қажетті қоры бар күйде кіргелі отыр. Қазіргі уақытта елордадағы жылумен қамту нысандарын қысқы кезеңге дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар жылу көздерін жаңғырту және жаңа нысандар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінде елорданың орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне бес негізгі энергия көзі кіреді. Олар: 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары.
Жылу қуатының резерві алдағы жылыту маусымында қаланың қажеттілігін қамтамасыз етуге және жүктеме артқан жағдайда қосымша қор қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Астана халқының өсуі мен қаланың қарқынды дамуына байланысты жылу қуатын арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта 3-ЖЭО-ның көмірмен жұмыс істейтін бөлігінің құрылысы, сондай-ақ 2-ЖЭО су жылыту қазандығын кеңейту және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында №7 және №8 қазандықтар орнатылады.
Жаңа нысандардың бірі – қуаты 620 Гкал/сағ болатын «Тельмана» газ жылу станциясы. Оны биыл пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа станция жылу қуатының резервін арттырып, елорданың жылумен қамту жүйесінің сенімділігін күшейтеді.
Осылайша, Астана жылыту маусымына қажетті жылу қуатының қорымен кіріп, алдағы кезеңге арналған қосымша резервтерді де қалыптастырып жатыр. Бұл қолданыстағы тұрғын үйлерді және қаланың дамуына қарай жаңа аудандарды сенімді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
