![28](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/28-1024x683.jpg)
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченконың қызметінен кеткені белгілі болды. Бұл туралы Sportbugin.kz тілшісіне арнайы сұхбат берген федерацияның бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді.
«Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко 2024 жылдың аяғында өз лауазымынан бас тартқысы келетінін айтты. Бірақ, көп ұзамай ұлттық құрамаға кеңесші-бапкер ретінде қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда ұлттық құраманың тізгінін кімге тапсыру мәселесін Федерация мен Туризм және спорт министрлігі бірлесе талқылауда», — деді Сұлтанов.
Еске сала кетейік, Юрий Мельниченко Париж Олимпиадасының қарсаңында команда тізгінін қолға алған болатын.
Париж Олимпиадасында қазақстандық «классик» Демеу Жадыраев күміс жүлдегер атанды.
Фото: Сали Сабиров