
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
81 келіде сынға түскен Абылайхан Жұбаназар турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол жарыс барысында Тәжікстан балуанын жеңіп, ширек финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілінен жеңілді.
Жұбаныш белдесуінде германиялық балуаннан, қола медаль үшін айқаста жапониялық Сотаро Фудживароны ұтты.
Осылайша, Париж Олимпиадасынан кейін татамиге шықпаған Абылайхан маусымдағы алғашқы медаліне қол жеткізді.