
Бокстан әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды , деп хабарлайды sportbugin.kz
30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады.
Бұл жарыста Қазақстанның үздік боксшылары ел намысын қорғайды. Қазақстан ерлер құрамасы:
50 кг – Санжар Тәшкенбай
55 кг – Махмұд Сабырхан
60 кг – Серік Теміржанов
65 кг – Ертуған Зейнуллинов
70 кг – Абылайхан Жүсіпов
75 кг – Сабыржан Аққалықов
80 кг – Нұрбек Оралбай
85 кг – Бекзад Нұрдәулетов
90 кг – Сағындық Тоғамбай
+90 кг – Айбек Оралбай
🌍 Бұл жолы тек өз елімізден емес, әлемнің 30 елінен келген 300-ге жуық боксшы шаршы алаңға шығады. Астанаға Қытай Тайпей, Өзбекстан, Бразилия, Түркия, Жапония, Польша құрамалары да келді.
📣 30 маусым күні, сағат 13:00-де барша жанкүйерді Жекпе-жек сарайына шақырамыз!
Келіңіздер, қолдау көрсетіңіздер ✊🏼