
Екі алтын, бір күміс! Қазақстан балуандары Түркияда үздік нәтиже көрсетті деп хабарлайды sportbugin.kz Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан Яшар Догу халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті. Ел қоржынына екі алтын және бір күміс медаль түсті.
97 келі салмақта белдескен Ризабек Айтмұхан финалда болгариялық Ахмед Магамаевты 7:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Нұрқожа Қайпанов шешуші белдесуде Болгарияның өкілі Рамазан Рамазановпен күресіп, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Тағы бір отандасымыз Азамат Дәулетбеков (92 келі) финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, алтын үшін күресте әзербайжандық Әли Цокаевқа 0:3 есебімен жол беріп, күміс медаль еншіледі.