
Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық күрес турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған жарыс 29 маусым күні әйелдер күресі бойынша белдесулермен жалғасты. Бұл сында қазақстандық балуан қыздар үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Күміс жүлдегерлер қатарында:
Светлана Анкичева (50 кг)
Лаура Альмағанбетова (57 кг)
Диана Каюмова (59 кг)
Қола жүлдені иеленген спортшылар:
Зульфия Яхьярова (55 кг)
Ирина Казюлина (68 кг)
Эльмира Сыздыкова (76 кг)
Қазақстан құрамасы жалпы есепте Түркия мен Үндістаннан кейінгі үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұл турнир әлемдік рейтингке әсер ететін халықаралық дода болып саналады. Қазақстан балуандары алдағы әлем чемпионаттарына дайындық аясында маңызды тәжірибе жинақтауда. Ерлер арасындағы белдесулер алдағы күндері жалғасады.
Ақмерей Уалиханқызы