
Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жатқан Жезқазғанның «Ұлытау» футбол клубы бас бапкер Иван Азовский мен оның көмекшісі Александр Фамильцевпен еңбек жолын тоқтатты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Клуб маусымның бірінші бөлігінде ойынын тұрақтандыра алмай, турнирлік кестеде 12-орында келеді. Команда қоржынында 12 ұпай бар. Қауіп аймағынан бір-ақ ұпаймен алшақ тұрған «Ұлытау» басшылық құрам жаттықтырушылар корпусында өзгеріс жасау қажет деп тапқан.
Азовскийдің орнына кім келетіндігі әзірге белгісіз. Клуб жаңа бапкерді алдағы күндері таныстыруы мүмкін.
Айта кетейік, Иван Азовский — Қазақстан футболына жақсы таныс маман. Бұған дейін ол «Астана», «Шахтер» (Қарағанды), «Атырау», «Ақтөбе» және «Жетісу» секілді командаларды жаттықтырған.
«Ұлытау» маусымның қалған бөлігінде турнирлік жағдайын жақсартуды мақсат етеді. Клуб жаңа бапкермен бірге алдағы турларда нәтижесін түзетуге ниетті.
Ақмерей Уалиханқызы