
Әлішер Ерғали мен Начын Куулар Түркияда өткен жарыста күміс жүлде алды, деп жазады Sportbugin.kz
Түркияның Коджаэли қаласында Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық күрес жарысы аяқталды.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы тағы екі жүлде жеңіп алды. 70 келіде күрескен Начын Куулар мен 125 келіде белдескен Әлішер Ерғали финалға дейін жетіп, екеуі де екінші орын иеленді.
Финалда Начын Түркия балуаны Хайдар Ювузға, ал Әлішер Германия спортшысы Мохсен Мансұр Сиярға ұтылып қалды.
Осыған дейін Қазақстан құрамасы 2 алтын және 1 күміс медаль алған еді. Жалпы есеп бойынша біздің еркін күрес құрамасы 2-орын алды.
Командалық нәтиже:
1-орын – Түркия
2-орын – Қазақстан
3-орын – Болгария