
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бокстан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды sportbugin.kz
Рингке бірінші болып Қазақстан атынан Назым Қызайбай шықты. 48 келі салмақта жұдырықтасқан Назым канадалық Приянка Диллонды 5:0 есебімен жеңді.
Назым – үш дүркін әлем чемпионы. Ол бұл жекпе-жекте өте сенімді өнер көрсетті. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін жақсы бастама болды.