
Әлем футболының аңызы саналатын Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен жаңа келісімшартқа қол қоюы мүмкін деп хабарлайды Sportbugin.kz , сенімді инсайдер Фабрицио Романоның деректеріне сүйене.
Қазіргі таңда тараптар келісімшарттың ұзақтығын нақтылауда – жаңа келісім бір немесе екі жылға созылуы мүмкін.
Португалиялық жұлдыз шабуылшы 2023 жылдан бері «Аль-Наср» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында Роналду клубтың басты ойыншыларының біріне айналып, Сауд Арабия чемпионатының дамуына өз үлесін қосқан болатын.
Жанкүйерлер үшін бұл жаңалық аса маңызды, себебі 40 жасқа таяған Роналдудың мансабы аяқтала ма деген күдік көптен бері айтылып жүрген еді. Алайда, ол әлі де жоғары деңгейде ойнауға дайын екенін дәлелдеп келеді.
Венера Умирзакова