
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасынан алты боксшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz. Жартылай финалдағы сенімді жеңістерінен кейін, енді жерлестеріміз алтын медаль үшін рингке көтеріледі.
🔹 Санжар Тәшкенбай (50 кг) — Әлем чемпионы жартылай финалда Әзербайжан боксшысынан басым түсіп, финалға шықты.
🔹 Махмұд Сабырхан (55 кг) — болгариялық қарсыласын таза ұпаймен жеңіп, ақтық сынға өтті.
🔹 Сабыржан Аққалықов (75 кг) — үнді спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, алтын үшін таласуға мүмкіндік алды.
🔹 Нұрбек Оралбай (80 кг) — жартылай финалдағы қарсыласы жекпе-жекке шықпағандықтан, финалға автоматты түрде жолдама алды.
🔹 Бекзад Нұрдәулетов (85 кг) — Түркия боксшысын нокдаунға түсіріп, 5:0 есебімен жеңді.
🔹 Айбек Оралбай (90+ кг) — әзербайжандық қарсыласын шешуші раундта нокдаунға жіберіп, финалға шықты.
Жерлестеріміз алты салмақ дәрежесінде финалға жетіп, ел намысын абыроймен қорғауда.
Ақмерей Уалиханқызы