
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақтағы Аман Бақытжан мен 66 келідегі Нұрқанат Серікбаев әлемдік жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
Бұл екі спортшының да алғашқы Универсиадасы саналады.
Айта кетелік, жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынында 11 медаль бар. Әзірге, жалғыз алтынды таеквондошы Самирхон Абабакиров сыйлады.