
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бүгін отандық даянг шеберлері командалық сында екі медаль еншіледі.
Аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Самирхон Абабакиров, Бейбарыс Қаблан, Назым Махмутова, Айдана Сүндетбай қорғаған болатын.
Әйелдер арасындағы командалық сында Марина Севостьянова, Айша Әділбекқызы және Нұрай Құсайыновалар үздік үштікті тұйықтады.
Осылайша, таеквондошылар еншісіндегі медальдар саны 8-ге жетті. Оның ішінде Самирхон Абабакиров алтын медаль жеңіп алған.
Команданың бас бапкері — Есбол Сұлтанов.