
Грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасының басты жұлдыздарының бірі Ақжол Махмұдов биыл Загребте (Хорватия) өтетін әлем чемпионатына қатыспайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Махмұдовтың толықтай бабына енбегені белгілі болды. Сол себепті, оның орнына Бекзат Орынқұлұлы қатысады.
Ақжол Махмұдов грек-рим күресінен әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін чемпионы. Ол Токио Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленген.
Ал Парижде өткен Олимпиада ойындарының ширек финалында Ақжол қазақ балуаны Демеу Жадыраевқа жол беріп, қола медаль еншіледі.
Жанкүйерлер арасында Ақжол «акула» лақап атымен де танымал.