
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев әлем чемпионатының ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
77 келі салмақта сынға түскен Демеу ширек финалда жапондық Нао Кусакамен белдескен болатын. Тартысты белдесу 2:4 есебімен жапондық балуанның еншісінде кетті.
Енді Демеу қарсыласы финалға шыққан жағдайда, жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.
Айта кетелік, Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында дәл осы балуаннан ұтылған болатын.
Бүгін кілемге шыққан Марлан Мұқашев, Альмир Төлебаев және Әлімхан Сыздықовтар турнирді аяқтады.