
Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін кілемге шыққан Марлан Мұқашев бірінші белдесуде ұтылды, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіде сынға түскен Марлан Мұқашев бірінші кезеңде Еуропа чемпионы, молдовалық Артем Дилианумен кездескен болатын.
Жекпе-жек барысында Мұқашев 9:1 есебімен алда тұрды. Алайда, бұл басымдықты ұстай алмай, 11:14 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, қазақ балуаны әлемдік доданы бірінші айналымда аяқтады.
Айта кетелік, Марлан Мұқашев 2015-2019 жылдар аралығында допингке байланысты кілемге шыққан жоқ.