
Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы медальсіз қалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қайрат Сағадиев жаттықтыратын құрамадан 59 келідегі Виктория Хусаинова (ресейлік легионер) ғана 1/8 айналымға жетті. Қалғандары түгелдей бірінші белдесуде жеңілген.
Осылайша, Қазақстан құрамасы соңғы 5 жылда тұңғыш рет әлем чемпионатынан медаль алған жоқ. 2019 жылы Валентина Исламова (легионер) қола медаль алған.
2020 жылы пандемияға байланысты әлем чемпионаты өткен жоқ. Ал 2021-2024 жылдар аралығында Қазақстан әйелдер командасынан Жәмила Бақбергенова ғана жүлдегер атанған.
Соңғы төрт жылда команданың жүгін жалғыз арқалаған Жәмила биыл жарақатына байланысты бірінші айналымда жеңіліп қалды.