
“Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің команда қақпашыларына қымбат сыйлық беру мәселесіне қатысты пікірі жарияланды, деп хабарлайды sportbugin.kz
Жаттықтырушының айтуынша, клубтағы әр спортшы қымбат сый-сияпатқа әбден лайық. Дегенмен академия ойыншылары үшін автобус әлдеқайда тиімді болар еді.
“Футбол – командалық спорт түрі. Менің пікірім: көмектескісі келсе – клубқа көмектессін. Ал егер сыйлық беретін болса – барлығына бірдей болғаны жөн. Сыйлық жасауды мен үйретпеймін, бірақ футболдың командалық бірлікке негізделген спорт еткенін ұмытпау керек. Мұнда жеке емес, ұжымдық еңбек еленеді. Клубтағы саясатымыз да сол – біз біртұтас командамыз. Егер сыйлық берілсе, ол клубқа берілуі тиіс. Мысалы, автобус немесе шағын автобус. Бұл – менің жеке ұстанымым», – деді Рафаэль Уразбахтин.
Сонымен қатар бапкер бұл кәсіпкерлердің өз таңдауы мен қаржысы болғандықтан өз еріктерінде екенін алға тартты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке жеке кәсіпкерлер тарапынан су жаңа көліктер сыйға берілген болатын.