Бокстан Дубайда өтіп жатқан ІВА әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
57 келі салмақта сынға түскен Оразбек Асылқұлов жартылай финалда ресейлік боксшы Андрей Пегливанянды жеңді. Есееп — 5:0.
Осылайша, Оразбек Дубайдағы әлем біріншілігінде алғашқы ресейлік боксшыны жарыс жолынан шығарды. Бүгінге дейін Ресей боксшылары әлем чемпионатында мүлде жеңілмей келген.
Бұл Оразбек Асылқұловтың әлем чемпионатындағы алғашқы финалы. Боксшы бұған дейін мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.
Сондай-ақ, Оразбек Қазақстан сапынан финалға шыққан үшінші боксшы. Бұған дейін Сәкен Бибосынов (54 келі) пен Сабыржан Аққалықов (75 келі) ақтық сынға өткен.
