Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллинов өзінің әлемдік жарыстардағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
63,5 келі салмақта сынға түскен Ертуған жартылай финалда ресейлік Илья Поповпен кездескен болатын.
Жекпее-жекті өз басымдығымен өткізсе де, төрешілер қарсыластың қолын көтерді.
Дубайдағы әлем біріншілігінде Қазақстан екінші қола жүлдеге қол жеткізді.
