13-14 желтоқсан Астанада Қазақстан бокс федерациясы кубогінің ақтық кезеңі өтеді
Жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын жоба аймақтардағы боксты дамытуға бағытталған.
Топтық кезең нәтижесінде 4 команда ақтық сынға өтті: Астана қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды облысы және Маңғыстау облысы.
13 желтоқсан — жартылай финалдық кездесулер (ерлер және әйелдер, барлығы 15 салмақ дәрежесі).
14 желтоқсан — үшінші орын үшін және бірінші орын үшін кездесу.
Өтетін орны: Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені. Тұран, 59
Басталуы: 13 желтоқсан 11:30 / 14 желтоқсан 12:00
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі — «Самұрық Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
