Қазақстан құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебектің өкілдері Чехиядағы ең мықты клубтардың бірі «Виктория Пльзеньмен» келіссөздердің алғашқы кезеңін өткізді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Чехия командасы 22 жастағы ойыншымен келісімшартқа отыруға ниетті екенін жеткізген.
Кенжебек «Елімай» сапында ҚПЛ-дың 11 матчында алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ол қазір семейлік клубтан кетіп, Еуропаға оралуды жоспарлап отыр.
Ғалымжанға Ресейдің «Краснодар», «Динамо», «Ахмат» және «Локомотив», сондай-ақ шотландиялық «Данди Юнайтед», «Глазго Рейнджерс» және грекиялық «Олимпиакос» клубтары да қызығушылық таныуда.
