«Тараз» әлі күнге дейін Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаевтың трансфері бойынша келісімге келген жоқ, деп хабарлайды ASnews.kz.
БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа қарамастан, тараптар әзірге ортақ мәмілеге келмеді.
«Мен әлі «Тараз» туралы ештеңе айтқым келмейді. Алдымен келісімшартқа қол қоюымыз керек, содан кейін, Құдай қаласа, көре жатармыз», – деді Қонысбаев.
Жамбылдық лубтың жаңа басшылығы 2022 жылы мансабын аяқтаған 36 жастағы ойыншыға шынымен де қызығушылық танытып отыр. «Тараз» оны Бірінші лиганың кезекті маусымында командаға көмектеседі деп болжап отыр.
Қонысбаев қазір жеке өзі жаттығып жүр. Ол «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе» және «Оқжетпес» сияқты клубтарда ойнап, 29 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды.
Сонымен қатар, жартылай қорғаушы ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, үш гол соқты.
