Жақында Алматы облыстық спорт басқармасының басшысы атанған Ақжүрек Таңатаров тағы бір лауазымды қызметке қабылданды, деп жазады Sportbugin.kz.
Танымал балуан Қазақстан күрес түрлері федерациясының вице-президенті атанды. Ақжүректен бөлек, Юрий Мельниченко да вице-президенттік қызметке тағайындалған.
Бұған дейін Таңатаров Жамбыл облысындағы спорттық интернатта басшылық міндет атқарған еді.
Айта кетелік, Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол спорттық мансабын аяқтаған соң түрлі қызметтер атқарып келеді.
