Париждегі Үлкен дулыға турнирінде күресетін дзюдошыдар белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
7-8 ақпан аралығында Франция астанасы Парижде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді.
Бұл бәсекеге қазір 82 мемлекеттен 530 палуан тіркеліп үлгерді. Назарыңызға Қазақстан командасының тізімін ұсынамыз:
Ерлер:
60 келі: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов;
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 келі: Есет Қуанов, Дастан Шаяхметов
81 кел: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 келі: Айдар Арапов
100 келі: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан
+100 келі: Ғалымжан Қырықбай
Парижге еліміздің әйелдер құрамасы бармайды. Айта кетейік, Франция астанасынан кейін Үлкен дулыға турнирін ақпанның аяғында Ташкент қаласы қабылдайды.
Ұлттық құраманы қолдау жұмыстары Қазақстан дзюдо федерациясының серіктесі Eurasian Resources Group қолдауымен жүзеге асырылуда.
