Париждегі Үлкен дулыға турнирінде күресетін дзюдошыдар белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
7-8 ақпан аралығында Франция астанасы Парижде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді.
Бұл бәсекеге қазір 82 мемлекеттен 530 палуан тіркеліп үлгерді. Назарыңызға Қазақстан командасының тізімін ұсынамыз:
Ерлер:
60 келі: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов;
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 келі: Есет Қуанов, Дастан Шаяхметов
81 кел: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 келі: Айдар Арапов
100 келі: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан
+100 келі: Ғалымжан Қырықбай
Парижге еліміздің әйелдер құрамасы бармайды. Айта кетейік, Франция астанасынан кейін Үлкен дулыға турнирін ақпанның аяғында Ташкент қаласы қабылдайды.
