Еркін күрестен Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Дәулет Ниязбеков тағайындалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Дәулет Шораұлы – еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі тәжірибелі спортшы. Ол ұзақ жылдар бойы ел намысын абыроймен қорғап, Олимпиада ойындарына (Лондон-2012, Токио-2020) қатысқан. Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы.
Дәулет Ниязбеков бозкілемде балуандықпен қатар бапкерлікті де алып жүрген. Жаттықтырушылық қызметте 13 жылдан астам тәжірибесі бар.
Әр жылдары балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, ұлттық құрамада, сондай-ақ күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында жұмыс атқарған.
