Мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасында төрелік еткен қазақстандық судья Надежда Парецкая отандық спортшыларға төмен ұпай берген. Ал ресейлік Аделия Петросянға ең жоғары ұпайды қойған, деп жазады Sportbugin.kz.
Надежда Парецкая ISU деңгейіндегі төреші. Ол Милан ойындарында қазақстандық Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаға төмен ұпай берген.
Есесіне, еркін бағдарламаға төрттік тулуптан құлап қалған Аделия Петросянға ең жоғары ұпай қойды — 147.04.
Желіде қазақстандық төрешінің бұл әрекеті қызу талқыланып жатыр.
