Болгарияда басталған бокстан «Странджа» турнирінің екінші жарыс күнінде 12 боксшымыз жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
65 келіде сынға түскен Ертуған Зейнуллинов алғашқы айналымда-ақ мықты қарсыласқа тап болды. Ирландиялық Джейсон Невинмен өткен кездесуде отандасымыз 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Одан бөлек, екінші жарыс күнінде Жазира Орақбаева, Жайна Шекербекова, Анель Сақыш, Элина Базарова, Мадина Нұршаевалар қарсыластарынан басым түсті.
Сондай-ақ, 55 келідегі Бағлан Кенжебек өзбек боксшысы Абдулазиз Абдуназаровтан 5:0 есебімен басым түсті. Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Илья Калинин, Дәулет Төлемісов, Нурмагамед Юсуповтан келесі кезеңгее өтті.
Ал 65 келідегі Әбдіғалым Әбдікәрім Ислам ойындарының чемпионы, өзбекстандық Абдуллох Мадаминовке есе жіберсе, Тимур Қабдешев америкалық боксшыға жол берді.
