Ақпан айының басында еркін күрестен Қазақстан командасының бапкерлік құрамы толық таныстырылды. Бас бапкер Данияр Қайсанов көмекшілерінің немен айналысатынын түсіндірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Бас бапкердің айтуынша, команда жаттықтырушылары салмақ бойынша балуандарды бөліп алады.
«Біз бір-екі салмаққа бір бапкерді арнайы бөліп қоямыз. Сол маман өзіне тиесілі салмақ пен сол салмақтағы жігіттерге қарайды. Сонда, жұмыс та нәтижелі болмақ. Мұндай жүйе Ресейде бұрыннан жолға қойылған. Біз енді қолға алып жатырмыз. Әр салмақты бақылап жүретін бапкерлер болса, көрсеткіш де жақсарады», — деді Данияр Қайсанов.
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабына төмендегі мамандар енді:
Бас жаттықтырушы — Данияр Қайсанов
Аға жаттықтырушы — Аслан Байғұлов
Жаттықтырушы — Нұрлан Бекжанов
Жаттықтырушы — Жігер Зәкіров
Жаттықтырушы — Камал Гаджимагомедов
