Болгарияда бокстан кіші әлем чемпионаты саналатын «Странджа» турнирі жалғасуда, деп жазады Sportbugin.kz.
Өкінішке қарай, қазақстандық Илья Калинин жарысты аяқтады. 65 келіде бақ сынаған ол бразилиялық Юри Фалькао Рейске 0:3 есебімен жол берді.
Осы салмақтағы тағы бір боксшымыз Ертуған Зейнуллинов америкалық Маркус Лузерді 4:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Сондай-ақ, 70 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ирландиялық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.
