Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қазақ дзюдошыларының нәтижесі көңіл көншітпейді, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақтағы Мағжан Шамшадин мен Талғат Орынбасар бірінші айналымда-ақ жеңіліп қалды.
66 келідегі Ақылжан Жұбатқанов пен Нұрқанат Серікбаев та алғашқы кезеңнен аса алған жоқ.
73 келіде сынға түскен Аңсарбек Ғайнуллин мен Ануар Жұмагелдин де қарсыластарына жол берді.
81 келідегі Мәди Амангелді де бірінші белдесуде ұтылып қалды.
Айта кетелік, Ташкенттегі турнир бүгін де жалғасуда.
