Болгария астанасы Софияда таеквондодан (WT) халықаралық Bulgaria Open 2026 турнирі басталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы жаңа маусымның алғашқы халықаралық додасында 5 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлде жеңіп алды. G-2 санатындағы жарысқа ересектер арасында 56 елден 645 спортшы қатысты.
Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы ересектер арасында жалпыкомандалық медаль кестесінде 2 орынға тұрақтады.
#BulgariaOpen жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Алтын: Еркебұлан Еңсегенов (-54 кг), Эльдар Бірімбай (-74 кг), Батырхан Төлеуғали (-80 кг), Жавохирхон Исламов (-58 кг), Тоғжан Қазнабек (-57 кг)
Күміс: Бейбарыс Қаблан (+87 кг)
Қола: Айдана Құмартаева (-46 кг), Жанель Сұлтанғалиева (-46 кг), Нодира Ахмедова (-49 кг), Батырхан Кусетов (-80 кг), Жазира Иссина (-57 кг)
Жалпыкомандалық есеп:
- Ресей
- Қазақстан
- Иордания
