Дзюдодан кезекті әлемдік жарыс Австрияның Линц қаласында өтеді. Гран-при турниріне Қазақстан құрамасы да қатысады, деп жазады Sportbugin.kz.
Турнирге қатысатын басты жұлдыздар қатарында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен қыздар командасының үздігі Абиба Әбужақынова бар.
Команданың кеңесші бапкері Роберт Мшвидобадзенің айтуынша, жаттығу кезінде Абиба тұмауратып қалған.
«Жаттығу үдерісіне айтарлықтай өзгеріс енгізілген жоқ. Тек Әбиба Әбужақынованы тұмауратып қалғанына байланысты жаттығудан уақытша босаттық. Жалпы дайындық жоспарға сай өтті. Алдағы жарыста дзюдошыларымыздың өнерін көріп, кейінгі дайындық бағытын айқындаймыз», — деді ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында.
Гран-при турнирінде сынға түсетін Қазақстан құрамы:
Ерлер:
60 кг: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 кг: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 кг: Айдар Арапов
100 кг: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер:
48 кг: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
57 кг: Бақыт Құсақбаева, Дана Әбдірова
63 кг: Эсмигүл Куюлова
70 кг: Ажар Асхат
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
